Генерал Аштари: Дұшпанның барлық әрекеті Иран шекараларының арғы бетінде залалсыздандырылды
Шіл 12, 2017 18:13 Asia/Almaty
ИИР-ның тәртіп қорғау күштерінің қолбасшысы Иран шекараларындағы тұрақты қауіпсіздікке тоқталып: «Дұшпанның барлық әрекеті шекаралардың арғы бетінде бақыланып, залалсыздандырылды» деді.
Бригада генералы Хосейн Аштари Иранның оңтүстік-батысындағы Хосрови шекарасына келгенде: «ИИР-ның қарулы күштері қырағылық танытып, Иранның шекараларында қауіпсіздікті сақтау үшін кез келген жанпидалыққа әзір тұр. Басқыншылық жасап, қауіпсіздік пен тыныштықты бұзуды көздейтіндер сұм мақсаттарына жетпейді» деді.
Тегтер