Иранның есірткі заттар контрабандасымен күресуі – адам құқығын қорғаудың дәлелі
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i28924-Иранның_есірткі_заттар_контрабандасымен_күресуі_адам_құқығын_қорғаудың_дәлелі
Иран Заң билігінің адам құқығы штабы басшысының халықаралық істер бойынша орынбасары Ғариб Абади контрабандашылардың Иранмен көршілес елдерден есірткі заттарды Еуропаға Иран арқылы өткізу мақсатындағы талпыныстарына сілтеме жасап, ИИР-ның есірткі заттар контрабандасымен күресін адам құқығын қорғаудағы айқын дәлелі деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 13, 2017 13:23 Asia/Almaty
  • Иранның есірткі заттар контрабандасымен күресуі – адам құқығын қорғаудың дәлелі

Иран Заң билігінің адам құқығы штабы басшысының халықаралық істер бойынша орынбасары Ғариб Абади контрабандашылардың Иранмен көршілес елдерден есірткі заттарды Еуропаға Иран арқылы өткізу мақсатындағы талпыныстарына сілтеме жасап, ИИР-ның есірткі заттар контрабандасымен күресін адам құқығын қорғаудағы айқын дәлелі деп атады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Казем Ғариб Абади сәрсенбі күні кешке Иранның оңтүстігіндегі Шираз қаласында сөйлеген сөзінде: «Иранда бүкіл әлемдегі мөлшердей есірткі заттар анықталады. Иран әлемдегі есірткі заттарды өндіретін ең үлкен ел Ауғанстанмен көршілес. Иран Еуропаға есірткі заттар тасымалдайтын транзит жолын ашық қалдыра алады. Бірақ, Еуропа азаматтарының жаны ИИР үшін маңызды» деді.

Иран Заң билігінің адам құқығы штабы басшысының халықаралық істер бойынша орынбасары сонымен қатар Иранға қарсы батыс елдерінің адам құқығы туралы, әсіресе өлім жазасы туралы уәждеріне сілтеме жасап: «Иранда орындалатын өлім жазасының 90 пайызы нашақорлықты тарату арқылы қоғамды жою қатеріне тірейтін есірткі тасымалдаушыларды жазалауға қатысты» деді.