Генерал Джазаири Иранның бөгделерді аймақтан қуу саясатын жалғастыратынын қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i28942-Генерал_Джазаири_Иранның_бөгделерді_аймақтан_қуу_саясатын_жалғастыратынын_қуаттады
Иран Қарулы күштерінің ақпарат хатшысы: "ИИР өзінің белгіленген мақсаттары мен саясаттары шеңберінде аймақтан бөгделерді қууды жалғастырады" деп қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 14, 2017 04:26 Asia/Almaty
  • Генерал Джазаири Иранның бөгделерді аймақтан қуу саясатын жалғастыратынын қуаттады

Иран Қарулы күштерінің ақпарат хатшысы: "ИИР өзінің белгіленген мақсаттары мен саясаттары шеңберінде аймақтан бөгделерді қууды жалғастырады" деп қуаттады.

Иран Қарулы күштерінің ақпарат хатшысы бригада генералы Масуд Джазаири бейсенбі күні АҚШ-тың Қорғаныс министрі Джеймс Мэттистің Иранға қарсы сөздеріне реакция білдіріп: "Америкалық қайраткерлер өздерінің Иранға қатысты бос қиялдарын бала сияқты мезгіл-мезгіл қайталап отырады" деді. 

АҚШ-тың Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис сейсенбі күні Daily caller хабар арнасына берген сұхбатында: "Иран мен АҚШ арасында екіжақты оң қарым-қатынас орнату үшін Иранда билік ететін жүйе өзгеруі керек" деді. 

Бригада генералы Джазаири: "Америкалықтардың ИИР-ның жүйесін құлату туралы ақылға қонбайтын қиялдары сандырақтан басқа ештеңе емес. Иран олардың мұндай қиялдарына еш алаңдамайды" деді.