Теһран жұма намазының құтпалары
Жұма намазының құтпагері: "АҚШ күн сайын өз қылмыстарын арттырып, әлемнің қан төгушілері мен кісі өлтірушілеріне қолдау көрсету бұл ел үшін қалыпты іске айналды",- деді.
Теһран жұма намзының құтпагері аятолла Мохаммад Али Мовахеди Кермани Мосул қаласының Ирак әскері мен халықтық күштері арқылы азат етілгеніне сілтеме жасап: "Мосул қаласын азат ету жолдауының мағынасы мынадай: егер халық қанаушыларға қарсы күресетін болса, Алла оларға жар болады",- деп мәлімдеді.
Мовахеди Кермани Ирак пен Сириядағы ДАИШ лаңкестерінің арасында әлемнің 86 мемлекетінен келген лаңкестердің бар екендігіне тоқталып: "Лаңкестерге, әсіресе сионистік режимге қолдау көрсету АҚШ-қа тән",- деді.
Ол сонымен қатар Иран Қарулы күштерінің әскери және қорғаныстық әлеуетіне сілтеме жасап: "Америкалық лауазымды тұлғалар Иран Қарулы күштерінің дамыған қорғаныстық жабдықтары мен Сақшылар корпусының Сириядағы лаңкестік топ позицияларына зымырандық шабуылы секілді әскери әлеуетін мойындап, Иранның әскери күшін өз елінің алдындағы қиындықтардың бірі деп атады",- деді.
Теһран жұма намазының имамы әлем елдерінің АҚШ-қа сенбеуінің себебі жайлы: "Әртүрлі мемлекеттер, атап айтқанда Мысырдың АҚШ-қа сенім артуының нәтижесі қиянат болды. Себебі Вашингтон әлем халықтары үшін ешқандай жетістік сыйламады",- деді.