Бруджерди БҰҰ-нан әл-Ақса мешітін қайтадан ашу үшін шара қолдануды сұрады
Иранның Исламдық Кеңес мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы БҰҰ-нан әл-Ақса мешітін қайтадан ашу үшін сионистік режимге қысым жасауды сұрады.
Құдсты басып алған режимнің әскерилері жұма күні палестиналықтарға қарсы дұшпандық әрекеттерінің жалғасында әл-Ақса мешітін жауып, жұма намазын өткізуге кедергі жасады.
Иранның Исламдық Кеңес мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы Алаэддин Бруджерди жексенбі күні сионистердің намазхандардың алдынан әл-Ақса мешітін жабуы туралы: «Әл-Ақса мешіті мұсылмандардың алғашқы қыбыласы ретінде ислам әлемі үшін өте маңызды болғандықтан, сионистік режимнің әрекеті бүкіл ислам үмбеті мен мұсылмандардың қасиеттіліктеріне жасалған қорлық саналады» деді.
Бруджерди сионистік режимнің исламға қарсы әрекетін айыптап: «Барлық елдер мен мұсылман елдерінің тұлғалары, әсіресе үлемдер сионистік режимнің мұсылмандарға қарсы зұлымдықтары мен әл-Ақса мешітін қорлауына байланысты жанайқайларын жариялауы керек» деді.