Аймақ бір елге қарсы коалиция құруды қажет етпейді
Иран Сыртқы Істер Министрлігінің ақпарат хатшысы аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығының барлық елдердің серіктестігін қажет ететінін, бір елге қарсы коалиция құрудың қажет еместігін мәлімдеді.
Иран Сыртқы Істер Министрлігінің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми жексенбі күні «Тасним» хабар агенттігіне берген сұхбатта: «ИИР өзінің тәуелсіздігін сақтап, мәртебесін жоғарылату үшін тиісті негіздер қалыптастырып, аймақта қауіпсіздік пен бейбітшілікке және тұрақтылыққа көмектесетін оң көзқарасқа ие» деді.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Түркияның Сирияның солтүстігіндегі әскери амалдары туралы да айтып: «Иран, Ресей мен Түркия ортақ мүдделер мен бүкіл аймақтың пайдасы үшін ортақ кеңесулер мен ортақ әрекеттерді жүзеге асыруда» деді.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы сонымен қатар Оман Сыртқы Істер Министрі Юсеф Бен Алавидің жуырдағы Теһран сапарына тоқталып: «Оман СІМ-нің Иранға сапары екі елдің үздіксіз кеңесулері аясында жасалып, кездесулерде аймақ оқиағалары мен Таяу Шығыс дағдарысын шешудің жолдары туралы сұхбат жүргізілді» деді.