Иранда АҚШ-тың екі тыңшысы құрықталды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i29022-Иранда_АҚШ_тың_екі_тыңшысы_құрықталды
Иран Сот билігінің ақпарат өкілі: "Иранға тыңшылық жасау мақсатымен келген екі америкалық азамат Барлау министрлігі тарапынан құрықталды",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 17, 2017 09:07 Asia/Almaty
  • Иранда АҚШ-тың екі тыңшысы құрықталды

Иран Сот билігінің ақпарат өкілі: "Иранға тыңшылық жасау мақсатымен келген екі америкалық азамат Барлау министрлігі тарапынан құрықталды",- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сот билігінің ақпарат өкілі Ғолам Хосейн Мохсени Эжеи жексенбі күні Теһранда өткен апталық ақпарат отырысында: "Бірі шетел азаматы саналатын Американың екі тыңшысы Иранның Барлау министрлігі тарапынан құрықталды. Олар тыңшылық жүргізгеннен кейін Иран туралы мәлеметтерді АҚШ-қа тапсырмақ болған.

Бұл адам құрықталғаннан кейін Сот билігіне табысталды. Оған қайта қарастыруға келмейтін 10 жыл бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды» деді.