Иранда АҚШ-тың екі тыңшысы құрықталды
Шіл 17, 2017 09:07 Asia/Almaty
Иран Сот билігінің ақпарат өкілі: "Иранға тыңшылық жасау мақсатымен келген екі америкалық азамат Барлау министрлігі тарапынан құрықталды",- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сот билігінің ақпарат өкілі Ғолам Хосейн Мохсени Эжеи жексенбі күні Теһранда өткен апталық ақпарат отырысында: "Бірі шетел азаматы саналатын Американың екі тыңшысы Иранның Барлау министрлігі тарапынан құрықталды. Олар тыңшылық жүргізгеннен кейін Иран туралы мәлеметтерді АҚШ-қа тапсырмақ болған.
Бұл адам құрықталғаннан кейін Сот билігіне табысталды. Оған қайта қарастыруға келмейтін 10 жыл бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды» деді.
Тегтер