Парсы тілі әлемнің 37 елінде оқытылады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i29088-Парсы_тілі_әлемнің_37_елінде_оқытылады
Иранның Ғылым, зерттеулер және технологиялар министрлігінің халықаралық ынтымақтастықтар орталығы басшысының орынбасары парсы тілінің әлемнің 37 еліндегі 57 университетте оқытылатынын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 18, 2017 19:00 Asia/Almaty
  • Парсы тілі әлемнің 37 елінде оқытылады

Иранның Ғылым, зерттеулер және технологиялар министрлігінің халықаралық ынтымақтастықтар орталығы басшысының орынбасары парсы тілінің әлемнің 37 еліндегі 57 университетте оқытылатынын айтты.

Фараджолла Талеби Машһад қаласында өтіп жатқан шетелдердегі ирандық ұстаздар мен студенттерің он бірінші форумының үшінші күні соңғы жылдары ирандық 41 ұстаздың парсы тілінен сабақ беру үшін әлемнің көптеген университеттеріне аттанғанын айтып: «Бүгінде Франция, Словакия, Польша, Босния мен Герцеговина, Румыния, Германия, Болгария, Ресей, Беларусь, Грузия және Орта Азия мен Африканың көптеген елдерінде парсы тілі оқытылады» деді.