Аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін шынайы қатер – Американың араласушылығы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i29116-Аймақ_қауіпсіздігі_мен_тұрақтылығы_үшін_шынайы_қатер_Американың_араласушылығы
Иран Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз хатшысы «Америка Иранның аймақ пен халықаралық оқиғаларға қатысты тәуелсіз, ағартушылық, ғиззат және даналықпен астасқан саясаттарын өзінің араласушылық саясаттарына қарсы қоқан-лоққы санайды» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 19, 2017 17:01 Asia/Almaty
  • Аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін шынайы қатер – Американың араласушылығы

Иран Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз хатшысы «Америка Иранның аймақ пен халықаралық оқиғаларға қатысты тәуелсіз, ағартушылық, ғиззат және даналықпен астасқан саясаттарын өзінің араласушылық саясаттарына қарсы қоқан-лоққы санайды» деді.

Американың Мемлекеттің департаментінің ақпарат хатшысы Хизер Нойерт сейсенбі күні хабар брифингінде Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының рухын бұзды деп айыптап: «Иран Америка мен аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігі үшін ең қауіпті қоқан-лоққылардың бірі» деген уәж айтты.    

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми сәрсенбі күні Хизер Нойерттің сөзіне реакция танытып: «Иранды «Ортақ қадам» бағдарламасының рухын бұзды деп айыптау Америка үкіметі өткен екі жылда әрдайым түйткілдерді арттырған әрекеттері мен шешімдері және саясаттарымен ізгі ниет және табысты түрде жүзеге асыру деген принциптерге негізделген «Ортақ қадам» бағдарламасы шеңберіндегі міндеттемелеріне қарсы әрекет етіп жатқан жағдайда айтылып отыр. Америка тура және жанама түрде Иранның «Ортақ қадам» бағдарламасының пайдасы мен артықшылықтарын пайдалануы жолында кедергі келтіріп отыр» деді.  

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы «Иран аймақта тұрақтылықты бұзды» деген айыпты теріске шығарып, бұл уәжді бос, негізсіз деп атап: «Иранның мәдени, тарихи және географиялық біртұтастығы үнемі аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығы және қауіпсіздігіне себеп болды» деді.