Лариджани АҚШ-тан тез арада түрмелеріндегі Иран азаматтарын босатуды сұрады
ИИР Сот органының басшысы АҚШ-тан тез арада өз түрмелеріндегі Иран азаматтарын босатуды сұрап, оларды түрмеде ұстауды халықаралық заңдарға қайшы деп атады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сот органының басшысы аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні осы органның жауапты тұлғаларының отырысында Ақ үйдің Ирандағы америкалық айыптыларды босату қажеттігі жайлы жуырдағы ішкі іске араласушы сөздеріне реакциясында: «АҚШ өткен 38 жылдың ішінде Иран халқының құқығын аяққа таптап, жазықсыз ирандық азаматтарды жалған айыптармен түрмелерінде ұстады. Бұл халықаралық заңдар мен ережелерге қайшы. АҚШ әлемнің жер-жеріндегі Иранның мал-мүлкіне түрлі сылтаулармен қол сұғып, қарақшы мен ұрлықшыдай талан-таражға салды»,-деді.
Иран Сот органының басшысы америкалықтардың ИИР-на қарсы уәждерін мағынасыз деп атап: «АҚШ басшылары әлемнің түрлі елдеріне, соның ішінде ИИР-на білектің күшімен зұлымдық жасағысы келеді»,-деді.