Иран АҚШ-тың санкцияларына алаңдамайды
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Велаяти АҚШ-тың өткен 38 жыл ішінде ешуақытта ИИР-на жақсы қатынас көрсетпегенін қуаттап: " Иран АҚШ-тың санкцияларына алаңдамайды " деді.
Әли Акбар Велаяти сейсенбі күні Вашингтонның ИИР мен Ресейге қарсы жаңа санкциялар салу талпыныстарына тоқталып: "Иран өзіне деген сенім мен көптеген елдердің, соның ішінде, Ресей және Қытаймен жақсы қарым-қатынас жасау арқылы өз мәселелерін шеше алады" деді.
АҚШ Сенаты шілде айының он бесі күні Вашингтонның Теһран мен Мәскеуге қарсы дұшпандық әрекеттерінің жалғасында Иран мен Ресейге қарсы жаңа санкциялардың жобасын бекітті. Бірақ республикашылдар Иран мен Ресейге қарсы санкциялар жиынтығына Солтүстік Кореяны қосу туралы ұсыныс жасағаннан кейін АҚШ-тың Өкілдер палатасында бұл жобаға дауыс беру кейінге қалдырылды.