Лаңкестік оқиғалардың құрбандарына құн сұрау – Вашингтонның Иранға қарсы жобасының қайталануы
АҚШ-тың бір федеральдық судьясы Иранды құн төлеуі керек деп айыптады. Судья Кристофер Р. Купер жұма күні бір үкім шығарып: «Иран Хамастың 2003 жылы басып алынған Құдста жарылған бомбаларының бірінде құрбан болғандар мен олардың жанұяларына 209 млн доллар құн төлеуі керек»,-деп мәлімдеді.
Бұл хабар АҚШ Конгресінің жуырдағы қаулысы мен Қаржы министрлігінің Иранға қарсы жаңадан санкция салу туралы шешімдерінің жанында аса маңызды емес. Бұған қарамастан, осы әрекеттердің болмысына шолу жасағанда Вашингтонда Иранға қарсы жоспарланған дұшпандық әрекеттердің арасынан мақсаттандырылған байланысты көруге болады.
1984 жылдан бері АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Иранды лаңкестікке қолдау көрсетуші елдердің тізіміне енгізді. Бұл АҚШ тарапынан жаңашылдыққа айналып, сот органдары АҚШ үкіметін қолдап, Иранға қарсы үкімдер шығаруда.
«Al-Jazeera» ақпарат арнасы жуырдағы репортажында: «АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының жалғасуы ондаған америкалық жанұяға АҚШ «Лаңкестікті демеуге бағытталған мемлекеттік шаралар» деп атаған әрекеттерден құн ретінде ақшалай қаражат алуға мұрсат берді»,-деп хабарлады.
Бұл шаралар АҚШ тарапынан толығымен мақсатты түрде жоспарланған. АҚШ бұл салада екі маңызды мақсатты көздейді: бірінші мақсат – Иранның лаңкестік әрекеттер легіне қатысы болғанына иландырып, АҚШ-ты "Иран тарапынан жетекшілік етілген-мыс" деген терроризмнің құрбандарының бірі етіп көрсетуге талпыныс жасау; екінші мақсат – «Иран тарапынан терроризмге қолдау жасалады және ол аймақты тұрақсыздандыруда» деген сылтаумен Иранға қарсы санкцияларды күшейту үшін халықаралық консенсус қалыптастыруға жағдай жасау. АҚШ конгресмендерінің жуырдағы қаулысы осы мақсатта жасалған ең жаңа шара болып табылады. Ол АҚШ-тың Өкілдер және Сенат палаталарында «2017 жылғы Иранның тұрақсыздандырушы әрекеттерімен күресу туралы заң» деген атпен бекітілді.
Енді мынадай сауал туындайды: өзі лаңкестік топтардың басты демеушісі, зұлымдықтың өзегі және өзінің бірқатар азаматының лаңкестік оқиғаларда құрбан болуына негізгі жауапты болып отырған жағдайда АҚШ қандай халықаралық тәсіл және қорғауға боларлық құжаттар негізінде Иранды лаңкестікті қолдайды деп айыптайды?
АҚШ лаңкестерді қолдау арқылы Иран мен басқа көптеген елдерге, соның ішінде Ауғанстан мен Иракқа орны толмас шығын келтірді. АҚШ көптеген лаңкестік әрекеттерге жауапты. Ол ДАИШ пен әл-Каиданы тудырып, «Мұнафықтар», «Риги» тобы мен «Джондулла» тобы сияқты лаңкестік топтарды қолдап, дайындықтан өткізу үшін бюджет бөлу арқылы олардың қылмыстарына ортақтасты. Осындай жағдайда АҚШ-тың бірқатар соттары Иранға жалпылама айыптар тағу арқылы «Лаңкестік оқиғалар құрбандарының арыздары» деген атпен сюжеттер жобалау арқылы Иран үкіметінің үстінен шағым түсірді.