Пәкістандық шекарашылар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Иранның шекараларына орналасты
Иранның Қарулы күштерінің бас штабының қолбасшысы Генерал Бағери: "Пәкістан қарулы күштерінің шекаралық бөлімшелері Иранмен ортақ шекараларға орналасты. Пәкістандық тарап шекара күзеті міндетін өз мойнына алды» деді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иран Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы генерал Мұхаммад Бағери жексенбі күні Захеданда қарақшылардан тәркіленген есірткі заттар мен қару-жарақтарды қарау кезінде тілшілерге берген сұхбатында: "ИИР мен Пәкістанның шекарашылары бір-бірімен серіктестік жасау арқылы екі ел арасындағы шекаралардың қауіпсіздігін нығайту үшін шекараның екі жағына орналасты. Қауіпсіздік күштері, Ислам революциясының Сақшылар корпусы, тәртіп сақтау күштері, шекара және барлау күштерінің талпынысымен Систан мен Балучестан облысында лайықты қауіпсіздік орнаған" деді.
Иран мен Пәкістан шекаралары соңғы айларда лаңкестік топтар мен қарулы қарақшылардың шабуылдарының нысанасына айналып, Иранның бірқатар шекара қызметкері шәһид болды.