Чалдоранда әлем армяндарының қатысуымен «Қара шіркеу» рәсімі өтті
Әлем армяндарыныың жыл сайынғы рәсімінің 63-ші кезеңі Иранның солтүстік-батысындағы «Чалдоран қара шіркеуінде» немесе «Бадаракта» Америка, Армения, Германия мен Италия елдерінің төрт мың мәсихи дінін ұстанушыларының қатысуымен өтті.
Рәсімде Әзірбайжан армяндарының патриархы Григор Чифчиан Иранда діни азшылықтар үшін әзірленген жағдайды мадақтап: «Иранда илаһи діндердің барлық ізбасарлары алауыздықтан алыс, бейбіт қатар өмір сүріп жатыр» деді.
Чалдоранда өткен әлем армяндарының жыл сайынғы рәсіміне қатысу үшін Германиядан келген Ада Кругер осы рәсімді өткізудегі қауіпсіздік пен еркіндікті көңіл аударарлық деңгейде деп бағалады.
«Бадарак» рәсіміне қатысушылар туралы деректі фильм түсіру мақсатында Чалдоранға келген армениялық деректі фильм түсіруші Марианна Пайтиан осы рәсімді өткізудегі армяндықтардың еркіндігіне алғыс айтып: «Чалдоран қара шіркеуі Ирандағы армяндықтар үшін ғана емес, сонымен қатар Иранның шекарасынан тысқары өмір сүретін армяндықтар үшін де маңызды саналады» деді.
Әлемдегі армяндардың арасында «Қасиетті Фаддей» шіркеуі деп танымал «Қара шіркеу» Чалдоранның солтүстік-шығысынан 20 км жерде хазірет Мәсихтің апостолдарының бірінің қабірінің үстіне салынған.