Там 01, 2017 15:27 Asia/Almaty
  • Иранның ядролық өнеркәсібі бұрынғыдан да жақсырақ дамып келеді

Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы Салехи ИИР-ның ядролық белсенділігін даму үстінде деп сипаттады.

Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи дүйсенбі күні Теһранда ИИР Телерадио бірлестігі университетінде «Басқа бір тәжірибе: Иран мен «алтылық» елдері арасындағы келіссөздер үдерісінен баяндама» атты кітаптың тұсаукесер рәсімінде: «Әлемнің назарын өзіне аударған Иран мен «алтылық» елдерінің келіссөздері бағдарлама мен басқару негізінде жүзеге асырылды»,-деп мәлімдеді.

Салехи Иран халқын табанды халық, табандылықты қырағалықпен ойластырылған әрекет деп атап: «Иран ядролық келіссөздерде ештеңеден айырылмады, керісінше жаңа реакторлар жасап, Арак реакторын жаңартты, центрифугалар бұрынғыдай жұмыс істеп тұр»,-деді.

Иранның Атом қуаты ұйымының ақпарат өкілі Бехруз Камалванди де осы рәсімнің аясында тілшілерге берген сұхбатында Қазақстаннан 950 тонна уран тотығын алу мәселесі қарастырылып жатқанын айтып: «Ұлыбританияның бұл мәселеге қарсылығы талданып жатыр. Венада өткен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуын қадағалау комиссиясының отырысы аясында осы жөнінде сұхбат болды»,-деді.

Камалванди Иранның оңтүстігіндегі Бушер АЭС-нің екінші және үшінші кезеңдерін салу  үдерісін ілгерілеу үстінде деп атап: «Бұл үдеріс алдын ала жоспарланған бағдарламалардан кемінде 9 айға алдыда келеді»,-деді.

 

Тегтер