Мусавиан: АҚШ-тың Иранға ықпал етуінің қатеріне шынайы көңіл бөлу керек
Иранның бұрынғы дипломаттарының бірі АҚШ-тың Иранға ықпал етуінің қатеріне шынайы көңіл бөлу керектігін қуаттады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның бұрынғы дипломаттарының бірі Хосейн Мусавиан Иран мен АҚШ қарым-қатынастары туралы: «АҚШ-тың Иранға ықпал етуінің қатеріне шынайы көңіл бөліп, соған қарсы тұру туралы ойланған жөн. Иран ислам республикасы АҚШ-ты өзі үшін шынайы қоқан-лоққы санап, бір сәт болса да оның қастықтарына қарсы бейқамдық танытпауы керек»,- деп қуаттады. Ол АҚШ-пен қарсыласу немесе АҚШ-пен келісімге келу мәселесіне Иранның ұлттық мүддесіне сай қарау қажеттілігін қуаттап: «Иранның күш-қуатын ұрандармен емес, ұлттық бірлік арқылы іс жүзінде көрсету керек. Жүйе билігінің құдіреті Иранның күш-қуаты мен ұлттық егемендігін қорғау және елдің сыртқы саясатын алға ілгерілетумен анықталады»,- деп ескертті.