Иран мен Гана арасында төрт ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Там 08, 2017 02:57 Asia/Almaty
Иран мен Гана төрт ынтымақтастық меморандумына қол қою арқылы экономика мен мәдениет салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуға дайын екендіктерін жариялады.
Осы ынтымақтастық меморандумдары бойынша, Иран Ганаға газ конденсатын экспорттаумен қоса, бұл елде цемент зауытын салуға арналған бағдарламаларын жариялайды. Иранның Кооперация, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Әли Раби: «Ортақ брендпен дәрі экспорттау және бұл тәжірибені Ираннан Ганаға апару, Ганада фармацевтикалық зауыт салу қол қойылған меморандумдарда көзделген жоспарлардың қатарына жатады»,-деді.
Тегтер