Ресейдің оңтүстігінде жолаушылар ұшағының апаты салдарынан 61 адам қаза болды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i2971-Ресейдің_оңтүстігінде_жолаушылар_ұшағының_апаты_салдарынан_61_адам_қаза_болды
Ресейдің оңтүстігіндегі Ростов-на-Дону қаласына қонуды мақсат еткен Дубай-Ресей рейсінің жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, ішіндегі 61 адам қаза болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 19, 2016 10:47 Asia/Almaty
  • Ресейдің оңтүстігінде жолаушылар ұшағының апаты салдарынан 61 адам қаза болды

Ресейдің оңтүстігіндегі Ростов-на-Дону қаласына қонуды мақсат еткен Дубай-Ресей рейсінің жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, ішіндегі 61 адам қаза болды.

Пресс ТВ-дің мәліметі бойынша, Ресейдің Төтенше жағдай министрлігі: «FlyDubai компаниясының "Боинг-737-800" жолаушылар ұшағы сенбі күні таңертең Ростов-на-Дону әуежайына қонуды мақсат етіп келе жатқан кезде апатқа ұшырады»,- деп мәлімдеді. Ресей басшыларының мәлімдеуі бойынша, ұшақтың 55 жолаушысы мен қызметкерлері қаза болған. Мәлімет бойынша ұшақ бірінші талпынысында жерге қона алмай, екінші талпынысында апатқа ұшыраған. Жергілікті басшылардың бірінің айтуынша, жолаушылардың көбі Ресей азаматтары болған.