Иранның Тәжікстандағы елшілігі: Іріткі салу әрекеттері екі елдің мүддесіне сай емес
ИИР-ның Тәжікстандағы елшілігі дүйсенбі күні бір мәлімдемеде: «Тәжікстанның теледидарынан берілген Иранға қарсы негізсіз уәждер мен іріткі салу әрекеттері екі елдің талап-тілектері мен мүдделеріне сай келмейді»,-деді.
Тәжікстанның Ішкі істер министрі жуырда бір деректі фильм таратып, 90 жылдары Иранның осы елдің ішкі ісіне араласқаны туралы уәж айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР-ның Тәжікстандағы елшілігі сәрсенбі күні мәлімдеме жасап, бұл деректі теріске шығарып, Тәжікстанның теледидарында осындай негізсіз уәждердің айтылғанына өкініш білдіріп: «Бұл фильмді дайындаушылар Иран мен Тәжікстан халықтары арасындағы мәдени, өркениеттік, достық және тарихи байланыстарды бұза алмайды»,-деп қуаттады.
Иран елшілігі: «Тәжікстан халқы ИИР-ның 90 жылдарда Тәжікстанда болған азаматтық соғысты тоқтату үшін жасампаз рөл атқарып, қарсыласушы тараптарды келіссөз үстеліне отырғызып, Тәжікстандағы бейбітшілікті кепілдендіруші негізгі елдердің бірі болғанын ұмытпайды»,-деп еске салды.
Бұл мәлімдемесінде: «Иранның Тәжікстанда инфрақұрылымдық нысандарды салуы, медициналық қызмет көрсетуі, спорт кешендерін салуы, тәжік жастарын университеттерде оқытуы, Тәжікстан ғылыми орталықтары мен университеттеріне көмектесуі, ондаған техникалық оқу орталығын ашып, керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуінің Тәжікстанда тұрақтылық пен дамуды нығайту, тәуелсіздік пен қауіпсіздікті берік сақтап қалуға көмектесу және үкіметтің негіздерін нығайтудан басқа мақсаты жоқ»,-делінген.