Иранның қорғаныстық әлеуеті артады
ИИР Армияся бас қолбасшысының орынбасары бригада генералы Пурдастан Иран Қарулы күштерінің қорғаныстық әлеуеттері мен қабілеттіліктерін қауіп-қатерлер мен қажеттіліктерге сай арттыратынын мәлімдеді.
ИИР Армиясы бас қолбасшысының орынбасары бригада генералы Ахмадреза Пурдастан бейсенбі күні Теһранда Шахид Саттари атындағы Әскери-әуе инженерлік академиясының студенттерінің жиынында: "Иран Қарулы күштерінің дайындығы мен күш-құдіреті дұшпандардың сескенуіне мен исламдық Иранның абыройының артуына себеп болды. Дұшпандар жаңа технологиялар мен бағдарламаларды пайдаланып, Иранмен жауластығын жалғастырып отыр. Осы мәселе Иран ислам республикасы жүйесінің мықты қанаттары саналатын қарулы күштердің қорғаныс мүмкіндігін арттыру қажеттігіне себеп болып отыр. Иранның Қарулы күштері қауіп-қатерлерді мүмкіндікке айналдыру арқылы әлемдік үстемшілдермен күресу үшін әрдайым әзір болуы керек" деді.