Иранның наноөнімдері әлемнің 20 еліне экспортталады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i29926-Иранның_наноөнімдері_әлемнің_20_еліне_экспортталады
Иранның нанотехнологияны дамыту жөніндегі арнайы штабының хатшысы Саид Саркар Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иранда наноөнімдерін өндіретін 160-тан астам іргелі ғылымға негізделген компаниялардың жұмыс жасайтынын айтып:
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 15, 2017 17:59 Asia/Almaty
  • Иранның наноөнімдері әлемнің 20 еліне экспортталады

Иранның нанотехнологияны дамыту жөніндегі арнайы штабының хатшысы Саид Саркар Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иранда наноөнімдерін өндіретін 160-тан астам іргелі ғылымға негізделген компаниялардың жұмыс жасайтынын айтып:

"Иранның наноөнімдері әлемдік нарықта өте қарқынды дамуда. Бұл өнімдер әлемнің 20 еліне, соның ішінде Австралия, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Австрия мен Ресейге экспортталады",-деді.

Иран – нанотехнология бойынша жетекші елдердің бірі. Сондай-ақ ,қазіргі таңда ИИР-ның нано саласы ғылыми өндірістер бойынша әлемде 6-шы орында тұр.