Теһран отаршылдарға дағдарыс тудыруға рұқсат бермейді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i30004-Теһран_отаршылдарға_дағдарыс_тудыруға_рұқсат_бермейді
ИИР Сыртқы істер министрінің орынбасары Теһранның АҚШ, сионистік режим мен басқа отаршыл елдерге жаңа дағдарыс тудыруға рұқсат бермейтінін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 18, 2017 14:11 Asia/Almaty
  • Теһран отаршылдарға дағдарыс тудыруға рұқсат бермейді

ИИР Сыртқы істер министрінің орынбасары Теһранның АҚШ, сионистік режим мен басқа отаршыл елдерге жаңа дағдарыс тудыруға рұқсат бермейтінін қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрінің Азия және Океания істері бойынша орынбасары Ибраһим Рахимпур Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы сардар генерал-майор Мұхаммад Бағеридің Түркия сапарына сілтеме жасап: "Аймақта, Иран мен Түркияның айналасында соғыс пен дағдарыс жағдайы орын алып отыр. Теһран көршілес елдердің бірлігін қолдайды және олардың бөлінуіне қарсы",- деп мәлімдеді.

Рахимпур сондай-ақ сардар генерал-майор Бағеридің Түркияға сапарын оң бағалап: "Иран мен Түркияның ортақ ынтымақтастықтары ешбір мемлекетке қарсы емес. Бұл екі ел өз әлеуеттерін аймақ пен ислам әлемінің қауіпсіздігі үшін пайдалануды қалайды",- деді.