Иранның шынысы мен хрусталі әлемнің 45 еліне экспортталады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i30038-Иранның_шынысы_мен_хрусталі_әлемнің_45_еліне_экспортталады
Иранның орталығындағы Йезд провинциясында орналасқан Таяу Шығыстағы ең үлкен шыны мен хрусталь зауытының өнімдері әлемнің 45 еліне экспортқа шығарылады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 20, 2017 03:30 Asia/Almaty
  • Иранның шынысы мен хрусталі әлемнің 45 еліне экспортталады

Иранның орталығындағы Йезд провинциясында орналасқан Таяу Шығыстағы ең үлкен шыны мен хрусталь зауытының өнімдері әлемнің 45 еліне экспортқа шығарылады.

Бұл кәсіпорын 19 өндіріс желісінде жылына 50000 тонна шыны мен хрусталь өнімдерін шығарады. Оның жартысы 20 млн доллар көлемінде Ираннан шетелдерге экспортталады. Қазіргі таңда ИИР жылына 170000 тонна шыны мен хрусталь өнімдерін өндіріп, дүниежүзі бойынша алтыншы орында тұр.