Иранның діни білім беру орталықтарында мыңдаған шетелдік азамат оқиды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i30050-Иранның_діни_білім_беру_орталықтарында_мыңдаған_шетелдік_азамат_оқиды
Иранның діни білім беру орталықтарының басшысы аятолла Әлиреза Арафи Иранның діни білім беру орталықтарында 25 мыңнан астам шетелдік азаматтың оқитынын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 20, 2017 10:25 Asia/Almaty
  • Иранның діни білім беру орталықтарында мыңдаған шетелдік азамат оқиды

Иранның діни білім беру орталықтарының басшысы аятолла Әлиреза Арафи Иранның діни білім беру орталықтарында 25 мыңнан астам шетелдік азаматтың оқитынын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, аятолла Әлиреза Арафи сенбі күні Иранның Орталық облысында 20 мыңнан астам шетел азаматтарының Құмдағы діни білім беру орталығында, қалғандарының Иранның әртүрлі жерлеріндегі діни білім беру орталықтарында оқитынын айтып: «Жаңа оқу жылында Иранның әртүрлі жерлеріндегі діни білім беру орталықтарына оқуға түсуге 100 мыңнан астам ер адам мен 80 мың әйел адам тіркелген. Олардың арасынан 10 мың ер адам және 10 мың әйел адам діни білім беру орталықтарына қабылданады»,-деді.