Там 23, 2017 21:20 Asia/Almaty
  • Палестина – ислам үмбетінің жүрегі

Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Ислам әлемінің басты бағдарын Палестина мәселесі және сионистік режиммен қарсыласу деп атап, сол бағдардың ешқандай жағдайда өзгермеуі керектігін баса айтты.

Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансари сәрсенбі күні Палестина қарсыласу қозғалысының сегіз топтан тұратын коалициясы және Ливанда орналасқан Палестинаны азат ету ұйымына мүше алты топтың басшылары мен өкілдерімен кездесуінде Палестинаны ислам үмбетінің жүрегі деп атап: «Өкінішке орай, аймақтық елдер ішкі қақтығыстармен айналысып жатқандықтан Палестина мәселелесіне көңіл аз бөлініп отыр. Алайда Палестина тақырыбы бастапқы жолына қайта оралу үстінде»,-деді.

Ливандағы Фатх қозғалысының өкілі Фатхи әл Әбу әл-Эрадат Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) Ливандағы халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Осама Хамдан мен палестиналық ойшыл Манир Шафиғ та бұл жүздесуде Палестина халқының табандылығы мен әл-Ақса мешітіндегі соңғы жеңістеріне тоқталып: "Палестинаны қорғауда ешбір тарап ИИР мен Ливанның Хезболласындай шынайы болмады",-деді.

 

 

Тегтер