Иран көршілерінің қарым-қатынасты жақсарту бағытындағы әрбір сындарлы қадамын қолдайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i30208-Иран_көршілерінің_қарым_қатынасты_жақсарту_бағытындағы_әрбір_сындарлы_қадамын_қолдайды
Иран СІМ ақпарат хатшысы: "ИИР көршілес елдердің өзара қарым-қатынастарды жақсарту мен нығайту мақсатындағы әрбір сындарлы және оң қадамын қолдап, құрметтейді",- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 24, 2017 22:27 Asia/Almaty
  • Иран көршілерінің қарым-қатынасты жақсарту бағытындағы әрбір сындарлы қадамын қолдайды

Иран СІМ ақпарат хатшысы: "ИИР көршілес елдердің өзара қарым-қатынастарды жақсарту мен нығайту мақсатындағы әрбір сындарлы және оң қадамын қолдап, құрметтейді",- деді.

Баһрам Ғасеми Катар және Иран Сыртқы істер министрлерінің телефон арқылы сұхбаты туралы хабарды растап: "Бұл сұхбат кезінде катарлық тарап өз елшісін Теһранға қайтаруға ниет білдірді. Иран Катар үкіметінің бұл әрекетін қолдады.

ИИР-ның негізгі және тұрақты саясаты барлық көршілес елдермен қарым-қатынасын дамыту болған және солай болып қала береді. Иран өзара сыйластық пен ортақ мүдделерді сақтау шеңберінде барлық көршілес және айналасындағы елдермен жақсы қарым-қатынас орнатуға әрдайым дайын",- деп мәлімдеді.