Ибраһим Язди көз жұмды
Ислам революциясы кезіндегі Иранның Уақытша үкіметінде Сыртқы істер министрі қызметін атқарған Ибраһим Язди ауруы салдарынан 86 жасында көз жұмды.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Азаттық қозғалысының бас хатшысы Ибраһим Яздиге АҚШ емдеу мақсаттағы визасын беруге қарсылық білдірген соң өткен жылы қыста Түркияның Измир қаласында ота жасалған еді. Соңғы екі аптаның ішінде жағдайының нашарлауына байланысты ол ауруханаға жатқызылған болатын.
Ибраһим Язди Ислам революциясынан кейін 1979 жылы имам Хомейнимен (р) бірге Иранға оралып, хазіреттің бұйрығымен Иран Ислам революциясы кеңесінің мүшесі болды. Ислам революциясының Уақытша үкіметі өз жұмысын бастаған кезде Язди вице-президенттің революция істері жөніндегі орынбасары етіп тағайындалды.
Иран Сыртқы істер министрі Карим Санджаби отставкаға кеткеннен кейін Язди Революция Уақытша үкіметінің Сыртқы істер министрі болды.