Иран жылу алмастырғыш құрал шығаратын 4 елдің қатарына кірді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i30330-Иран_жылу_алмастырғыш_құрал_шығаратын_4_елдің_қатарына_кірді
Иран елдің оңтүстігіндегі Ширазда орналасқан индустриялды қалашықта Boiler жылу алмастырғыш құралының жобасын жасау арқылы әлем бойынша осындай құралдар жасайтын 4 елдің тобына кірді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 29, 2017 03:22 Asia/Almaty
  • Иран жылу алмастырғыш құрал шығаратын 4 елдің қатарына кірді

Иран елдің оңтүстігіндегі Ширазда орналасқан индустриялды қалашықта Boiler жылу алмастырғыш құралының жобасын жасау арқылы әлем бойынша осындай құралдар жасайтын 4 елдің тобына кірді.

«Шираз Санат Фатех» өндірістік кешенінің сату бөлімінің менеджері Меһди Құтби: "Тек мұнай-химия өндірісінде қолданылатын 100 тонналық жылу алмастырғыш құралы отандық мамандардың талпыныстарының арқасында осы индустриялды кешенде жобаланып, жасалды.

Бұл жылу алмастырушы құралдың маңызды ерекшелігі – 1300 дәрежедегі ыстыққа төзімділігі. Ол арнайы қорытпалар мен жанбайтын материалдарды пайдаланып жасалған.

Құралдың барлық жобалау және жасалу кезеңдері төзімділікті есептеудің кері инженерлік әдісін пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Отандық өнім  соған ұқсас құрылғылардың шетелдік үлгісімен салыстырғанда 30-40 пайызға арзан",- деді.