Қауіпсіздік – өркендеу мен дамудың басты шарты
(last modified Thu, 31 Aug 2017 05:44:55 GMT )
Там 31, 2017 11:44 Asia/Almaty
  • Қауіпсіздік – өркендеу мен дамудың басты шарты

Иранның Барлау министрі:"Қауіпсіздік, жанашырлық, халықтың даналығы Иранның өркендеуі мен дамуына жағдай жасайды",-деді.

Иранның Барлау министрі Махмуд Алави сейсенбі күні қауіпсіздіктің өркендеу мен дамудың басты шарты екенін айтып: "Лаңкестік топтардың барлық әрекеттері жіті бақылауда. Иранның қауіпсіздік күштері бар күш‑қуатымен және кесімді түрде дұшпандарға қарсы тұрады. Иранның қауіпсіздік күштері өткен бірнеше жылда 120 лаңкестік топқа соққы берді",- деді.

Сондай-ақ, Иранның Барлау министрі Иран үкіметінің шетелдік әуежайларда ұшақтарды жанармаймен қамтамасыз ету, жаңа ұшақтардың кіруі, Бандар-Аббастағы мұнай өңдеу зауытын құрылғылармен қамтамасыз ету, темір жол арқылы жүк тасымалдауға қатысты көптеген санкцияларды жоюдағы талпыныстарына тоқталып: "Қазіргі таңда үкіметтің басты мәселесі – жастарды жұмыспен қамтып, экономиканы дамыту",-деді.

 

Тегтер