Иранның Ғылым және технология университетінде 4 дәрінің тұсаукесер рәсімі өтті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i30434-Иранның_Ғылым_және_технология_университетінде_4_дәрінің_тұсаукесер_рәсімі_өтті
Иранда гепатит С, қан қысымы, қанның қоюлануы мен майлануына қарсы өндірілген жаңа төрт дәрінің тұсаукесер рәсімі Ғылым және технология университетінде өтті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 02, 2017 18:37 Asia/Almaty
  • Иранның Ғылым және технология университетінде 4 дәрінің тұсаукесер рәсімі өтті

Иранда гепатит С, қан қысымы, қанның қоюлануы мен майлануына қарсы өндірілген жаңа төрт дәрінің тұсаукесер рәсімі Ғылым және технология университетінде өтті.

Иранда өндірілген 4 дәрі – гепатит С вирусына қарсы Sofosbuvir; инсульт пен инфаркт болған науқастар қанының қоюлануына қарсы Clopidogrel; қанның майлануына қарсы Atorvastatin; қан қысымына қарсы Nifedipine дәрілерінің тұсаукесер рәсімі  Иранның Ғылым және технология университетіндегі 25-ші органикалық химия семинарымен бір мезгілде өтті.

Органикалық химия семинары әлемнің ең үздік оқытушыларының бір пайызының қатысуымен Иранның Ғылым және технология университетінде бүгін, сенбі күні басталып, 4 қыркүйекке дейін жалғасады.

Семинарда Иранның әртүрлі университеттеріндегі оқытушылар, зерттеушілер мен технологтарының кейбір жаңа ғылыми жетістіктері, соның ішінде ауыр науқастарды емдеу үшін әсерлі дәрілерді дайындаудың тиімді жолдары мен жаңа әдістерінің тұсаукесері өтеді.