Әмір Исмаили: Иран дұшпандарға жұмсақтық танытпайды
Иран армиясы Хатам ул-Анбия әуе қорғаныс базасының қолбасшысы: «ИИР дұшпандарға жұмсақтық танытпайды»,-деді.
Иран армиясы Хатам ул-Анбия әуе қорғаныс базасының қолбасшысы бригада генералы Фарзад Исмаили сенбі күні кешке Иранның Бірінші телеарнасындағы «Бір көзқарас» бағдарламасына берген сұхбатында: «ИИР соғысты қаламайды, бірақ соғыс майданында өз сөзін айтады»,-деді.
Бригада генералы Исмаили, сондай-ақ, Хатам ул-Анбия әуе қорғаныс базасының қалыптасу үдерісіне тоқталып: «Бүкіл Қарулы күштердің басшылығы дер кезінде терең ойластырып, әуе қорғаныс күштерін әуе күштерінен бөліп, бөлек база құрып, барлық Қарулы күштердің әуе қорғаныс кешендерін осы базаға қосу туралы бұйрық берді.
Ол кезде Иранның 400 жерінде әуе қорғаныс кешені орналастырылған еді. Халықаралық соғыс тәжірибесіне сәйкес, бүгінде елдің 3700 жерінде әуе қорғаныс кешені орналастырылған»,-деді.
Бригада генералы Исмаили биылғы жылдың басында АҚШ-тың U2 тыңшылық ұшағына ескерту жасалғаны туралы: «Хатам ул-Анбия әуе қорғаныс базасы 10 минут бұрын, яғни ұшақ өзінің базасынан ұшып шыққан кезден бастап оны бақылауға алды. Ұшақтың тыңшылық жасауды көздейтінін түсінгенде оның ұшқышына ескерту жасады»-деді.