Иран Африка құрлығына қатысты ерекше көзқарасқа ие
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i30442-Иран_Африка_құрлығына_қатысты_ерекше_көзқарасқа_ие
ИИР Президенті Оңтүстік Африка Республикасының Парламенті Өкілдер палатасының басшысымен кездесуінде Теһранның Африка құрлығындағы елдермен, әсіресе ОАР-мен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға мүдделік танытатынын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 03, 2017 12:48 Asia/Almaty
  • Иран Африка құрлығына қатысты ерекше көзқарасқа ие

ИИР Президенті Оңтүстік Африка Республикасының Парламенті Өкілдер палатасының басшысымен кездесуінде Теһранның Африка құрлығындағы елдермен, әсіресе ОАР-мен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға мүдделік танытатынын мәлімдеді.

ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні Теһранда Оңтүстік Африка Республикасының Парламенті Өкілдер палатасының басшысы Балека Мбетемен кездесуінде: «Теһран Преториямен экономика, кен және энергетика салаларында ынтымақтастықты одан ары арттыруды қолдап, ОАР-ға техникалық  және инженерлік қызмет түрлерін көрсетуге дайын»,-деді.

Иран мен ОАР аймақтық және халықаралық тақырыптарда ортақ көзқарастарға ие болғандықтан жақсы саяси қарым-қатынас орнатып, екі елдің халықаралық қауымдастықтағы әріптестігі әсерлі болды. Бұл саяси ынтымақтастықтың деңгейі Теһран мен Преторияның басқа салаларда, әсіресе экономика саласында өзара қарым-қатынасты кеңейтуіне жақсы негіз бола алады. ИИР мен ОАР-дың екеуі де экономикалық байланыстарды нығайтуға қажет әлеуеттерге ие. Олар бір-бірінің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, жаңа нарықтарға шыға да алады.

Африканың ауқымды нарығы ирандық тауарларды сатуға қолайлы жер болып табылады. Сол себепті Африка құрлығының ИИР-ның сыртқы саясатындағы орны ерекше. Иран сыртқы саясат саласында әртүрлі елдермен, әсіресе африкалық елдермен ортақ саяси көзқарас тақырыбына көңіл аударады. Мұның арасында Африка құрлығы ИИР үшін  маңызды саналады. Иран әлеммен сындарлы әріптестік аясында тек еуропалық елдерге ғана көңіл бөліп қоймай, Азия мен Африка құрлықтарына да баса назар аударады.  Осы шеңберде Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бірнеше күн бұрын ИИР Президенті және үкімет мүшелерімен кездесуінде сыртқы саясат жайында: «Сыртқы саясатта дипломатиялық  шатырды күллі әлемге жаю және қарым-қатынасты тек бірнеше елмен шектемеу мәселесіне көңіл аудару қажет»,-деді.

Осы маңызды да негізгі мәселені ескерсек,  Африка құрлығы ИИР үшін орасан зор экономикалық әлеуетке ие. Иран осы құрлықтың бәсекеге қабілетті әралуан нарықтарында белсенді дипломатия жүргізе алады. Осы арада ИИР мен ОАР-дың саяси-экономикалық саладағы қарым-қатынасы қаншалықты жоғарыласа, Иранның Африка құрлығында әсерлірек болуына жағдай жасала түседі. ОАР-ның Африка құрлығындағы саяси-экономикалық орны осы құрлықтағы барлық елдердің назарына алынған. Сол себепті ОАР Иранның Африка нарығына кіретін қақпасы болып табылады. Иран мен Африка экономикалық ынтымақтастық кеңесі төрағасының орынбасары Хабибулла Ансари жуырда осы жөнінде берген сұхбатында Иранның сауда-экономикалық саладағы көптеген мүмкіндіктеріне тоқталып: «Африка құрлығында 1 млрд 200 млн халық бар. Барлық африкалық елдер сауда-экономикалық және басқа да салаларда инвестиция салуға қолайлы жер болып табылады»,-деп қуаттады.

Осы ауқымды нарықты ескерсек, Иран үкіметі мен СІМ-нің Африка құрлығына ерекше көзқарасының қисынды саясат екені айқын.  Африка құрлығы Иран үшін  экспортты арттыру саласында ерекше орынға ие.  ИИР бұл әлеуетті ОАР-мен ортақ ынтымақтастық пен инвестиция салуды кеңейту аясында қолдана алады.