Қыр 04, 2017 14:29 Asia/Almaty
  • ДАИШ-пен соғыстың қарапайым және күнәсіз халықты өлтіруден айырмашылығы бар

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми: "ДАИШ лаңкестік тобымен соғыс пен қарапайым және күнәсіз халықты өлтірудің арасында үлкен айырмашылық бар",- деді.

Иран СІМ Ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми жексенбі күні Ливанның әскери жеңісін үлкен жеңіске айналдырған Ливан Үкіметі мен Хезболласының қарапайым және күнәсіз халықты құтқарудағы гуманитарлық әрекетін қолдап: "АҚШ-тың ДАИШ лаңкестік тобымен ынтымақтастық жасағанын ескеретін болсақ, бұл елдің әйелдер мен балаларды қоршауда қалдырудағы әрекеті қисынсыз мәселе саналады. Бұл әрекет Ливан үкіметі мен қарсыласу қозғалысының жеңісіне теріс әсер ету үшін жасалған талпыныс. Иран лаңкестікпен, әсіресе ДАИШ-пен күрестегі алдыңғы шептегі ел ретінде БҰҰ-дан осы мәселеге араласып, күнәсіз адамдарды өлтірудің алдын алуды сұрайды",- деп баса айтты.

«ДАИШ-ке қарсы коалиция» деп аталатын америкалық коалиция ДАИШ лаңкестерін тасымалдайтын автобустардың Ливан мен Сирия шекарасынан Сирияның шығысындағы Дейр эз-Зор аймағындағы осы топтың басып алған аймақтарына қарай әрекет етуіне тосқауыл жасағанын мәлімдеді.

 

Тегтер