Иранның наноөнімдері 21 елге экспортталады
Қыр 04, 2017 15:18 Asia/Almaty
Иранның нанотехнологияны дамыту штабының өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Әли ТаҺари: "Иранның наноөнімдері дүниежүзілік нарықта жақсы таралуда. Бұл өнімдер әлемнің 21 еліне, соның ішінде Аустралия мен Германияға, Қытай мен Оңтүстік Кореяға, Австрия мен Ресейге экспортталады",-деді.
Таһари Иранда наноталшық өндіретін аппараттың жасалатындығына тоқталып: "Иранда наноталшық өндіру индустриясы жолға қойылған соң бұл өнім Оңтүстік Кореяға экспортталды. Қытайға да экспорттау келісіміне қол қойылды",-деді.
ИИР-ның нано саласы ғылыми өндірістер бойынша әлемде алтыншы орында тұр.
Тегтер