Хошру: Барлық елдер Мьянмада адами апаттың алдын алуға талпыныс жасауы керек
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Мьянма мұсылмандарының ауыр жағдайына алаңдаушылық білдіріп, алдағы күндері ислам елдері байланыс тобының отырысы өтетінін хабарлады.
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Ғоламали Хошру сәрсенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Мьянмадағы геноцидтің жаңа кезеңін айыптап: «Барлық елдер Мьянмада адами апаттың алдын алуға талпыныс жасауы керек.
Рохинья мұсылмандары ғасырлар бойы Мьянмада өмір сүріп келеді. Алайда олар ең қарапайым азаматтық құқықтардан да мақұрым қалып отыр»,-деді.
Ғоламали Хошру Мьянма армиясы мен оны демеушілердің өткен бірнеше күнде Ракхайн провинциясында мыңдаған үйді өртеп, жүздеген мың рохинья мұсылманын тау мен далаға босытып жібергеніне тоқталып: «ИИР соңғы күндері ислам елдерімен Мьянмада адами апаттың орын алуының алдын алу мақсатында қарқынды кеңестер өткізді»,-деді.