Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамы Мьянмаға гуманитарлық көмек тиелімдерін жіберуге әзір
Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамы Мьянманың мазлұм халқының қажеттіліктеріне арналған Иранның гуманитарлық көмектерінің тиелімін жіберуге әзір екенін айтты.
Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Мортаза Салими бүгін, бейсенбі күні Иран президенті Хасан Руханидің Мьянма халқына көмектесу үшін берген бұйрығынан кейін арнайы жұмыс тобы құрылғанын, Иран СІМ мен халықаралық Қызыл Крест комитеті және Мьянманың Қызыл Крест ұйымымен осы елге гуманитарлық көмектерді жіберу үшін тиісті үйлестіру жұмыстарының жүргізілгенін айтып: «Мьянма үкіметі тарапынан рұқсат берілсе, Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының азық-түлік пен алғашқы қажеттілік заттары, дәрі-дәрмек және медициналық заттардан тұратын гуманитарлық көмектері Мьянманың мазлұм халқына тез арада жіберіледі» деді.