Мьянмада мұсылмандарға қарсы геноцид жалғасуда
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i30591-Мьянмада_мұсылмандарға_қарсы_геноцид_жалғасуда
ИИР Сыртқы істер министрі Мьянмада рохинья мұсылмандарының қырып-жойылуына білдірген реакцияда тым кеш болмай тұрғанда әлемдік қауымдастықтың шара қолдануы керектігін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 09, 2017 11:24 Asia/Almaty
  • Мьянмада мұсылмандарға қарсы геноцид жалғасуда

ИИР Сыртқы істер министрі Мьянмада рохинья мұсылмандарының қырып-жойылуына білдірген реакцияда тым кеш болмай тұрғанда әлемдік қауымдастықтың шара қолдануы керектігін қуаттады.

 

 

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында: «Әлемдік қауымдастықтың барша жұрттың көзінше рохинья мұсылмандарына қарсы геноцидтің жалғасуына рұқсат беруіне еш негіз жоқ»,-деді.

Мьянма армиясы мен экстремист буддистердің мұсылмандарға қарсы қылмыстарының жаңа легі адам құқығын қорғаушылардың наразылығын тудырғанымен, іс жүзінде мұны тоқтату үшін ешқандай шара атқарылмады.  Кеше Мьянманың қазіргі Сыртқы істер министрі  Аун Сан Су Чжиге Нобель бейбітшілік сыйлығын берген адамдар бүгін оның үнсіздігін тамашалап отыр.  Су Чжи бірнеше күн іс жүзінде мұсылмандардың қырылып жатқанын теріске шығарып, Мьянма армиясының Ракхайн провинциясындағы әрекеттерін ақтады.

Рохинья мұсылмандары азшылығы әлемде ең көп зорлық-зомбылық көрген  азшылық болып отыр. Ракхайн провинциясында түсіріліп, жарияланған аз ғана суреттерге назар салғанда азаттықты сүйетін әрбір адамның ойына «адамзатқа қарсы қылмыс», «рохинья мұсылмандарына жасалған геноцид» тақырыбы келеді.  Ракхайн провинциясындағы өртеу, бауыздау, мұсылман әйелдерге зорлық жасауды ешбір дінмен ақтауға болмайды. Осы арада әлемдік қауымдастық пен Мьянмамен көршілес елдер, БҰҰ, бәрінен маңыздысы Ислам ынтымақтастық ұйымының әрекетсіздігі адамшылықтың жойылғанын көрсетеді.

Рохинья мұсылмандарын қырып-жоюды тоқтату үшін орасан зор әлеует бар.  Алайда әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздік және адам құқығына жауап беретін ұйымдардың саяси көзқарасы іс жүзінде оларды қадір-қасиет пен абырой-беделден айырды. Мьянма армиясы осындай жағдайды рохинья мұсылмандарын қырып-жою үшін қолайлы санауда. Ал Аун Сан Су Чжи Мьянмада мұсылмандардың қырылуына қатысты үнсіздік танытып отыр.  Мұндай ұстанымдар адам құқығын қорғаушы ұйымдарға деген талап-тілекті арттырады. Олар Су Чжиге берілген Нобельдің бейбітшілік сыйлығын болашақта басқа адамға беру шарттарын көбірек зерттеуі керек. Адам құқығын қорғаушымын деп уәж айтатын адамның көз алдында Ракхайн провинциясында орын алып жатқан рохинья мұсылмандарын қырып-жою адам құқығы мәселесінің құрал ретінде пайдаланылатынын тағы дәлелдеді.

Мьянма мұсылмандарының қазіргі жағдайын жалғастыруға ешқандай негіз жоқ. БҰҰ, бәрінен маңыздысы Ислам ынтымақтастық ұйымы ислам елдері арасындағы әлеует ретінде шұғыл іске кірісіп,  Мьянмада тарихи тамыры бар азшылықтың жойылуына тосқауыл қоюы керек. Осы орайда Иранның Таиландтағы бұрынғы елшісі Мохсен Пакаин бейсенбі күні кешке Иранның Екінші телеарнасына берген сұхбатында мұсылмандардың Мьянманың Аракан аймағында қоныс тебуінің тарихы жайында: «Мұсылмандар – бұл аймақтың негізгі тұрғындары. Тіпті, 1936 жылға дейін  Аракан халқының тілі парсы тілі болған. 1982 жылы Мьянма үкіметі заң шығарып, осы елде тұратын 144 қауымның 135-іне азаматтық берді. Үкімет мұсылмандарға Мьянманың азаматтығын бермей, оларды көшуге мәжбүрледі»,-деді.