Иранның футболдан оқушылар командасы Азия чемпионы атанды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i30809-Иранның_футболдан_оқушылар_командасы_Азия_чемпионы_атанды
Иранның футболдан оқушылар командасы Азия чемпионатында Индонезия командасын жеңіп, кәрі құрлық Азияның жеңімпазы атанды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 16, 2017 10:34 Asia/Almaty
  • Иранның футболдан оқушылар командасы Азия чемпионы атанды

Иранның футболдан оқушылар командасы Азия чемпионатында Индонезия командасын жеңіп, кәрі құрлық Азияның жеңімпазы атанды.

Иранның футболдан оқушылар командасы жұма күні Иранның оңтүстігіндегі Шираз қаласында оқушылар арасындағы футболдан Азия чемпионатында Индонезия командасын 3:0 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.

Оңтүстік Кореяның оқушылар командасы Малайзия командасын жеңіп, осы чемпионатта үшінші орынға табан тіреді.  

Оңтүстік Корея, Таиланд, Индонезия, Малайзия, Үндістан, Шри-Ланка мен Қытайдан келген жеті оқушылар командасы мен Иранның Фарс облысынан екі оқушылар командасы Ширазда өткен 18 жасқа дейінгі оқушылар арасындағы футболдан Азия чемпионатының 45-ші кезеңіне қатысты. Бұл жарыс қыркүйектің сегізі күні басталып, кеше аяқталды.