Еуроодақ АҚШ-қа "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты кесімді жауап берсін
ИИР-ның Президенті Рухани АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзушылығы жөнінде: "Біріншіден, Еуроодақтан "Ортақ қадамды" толық орындау, екіншіден, АҚШ-қа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында белгіленген міндеттемелеріне берік болу жөнінде қысым жасап, оған кесімді жауап беретіндігі күтіледі",-деді.
ИИР-ның Президенті Хасан Рухани Бельгия Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Siegfried Bracke-пен Теһрандағы кездесуінде тараптардың "Ортақ қадам" баптарына берік болуы қажеттігін қуаттап: "Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындағанын жариялай алатын жалғыз ұйым – АҚХА. Осы агенттіктің есептері бойынша Иран "Ортақ қадам" аясындағы міндеттемелеріне табанды",-деді.
Сонымен қатар, Рухани Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан кейін қалыптасқан кеңістікті Еуроодақ елдерімен, соның ішінде Бельгиямен қарым-қатынасты дамыту үшін пайдалануға мүдделі екенін айтып: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан кейінгі қолайлы сәтті екіжақты және көпжақты қарым-қатынасты дамытып, нығайтуға барынша пайдалану керек",- деді.
Бельгия Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Siegfried Bracke те тараптардың "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттемелеріне беріктігінің маңыздылығына тоқталып: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы тек Иранға ғана емес, Бельгия мен Еуроодақ үшін де маңызды. Бельгия Еуродақтың өз міндеттемелерін орындауына күш салады",-деді.