Иранның гуманитарлық көмегінің екінші партиясы Бангладешке жөнелтілуге дайын
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i30955-Иранның_гуманитарлық_көмегінің_екінші_партиясы_Бангладешке_жөнелтілуге_дайын
Иранның "Қызыл Жарты ай" қоғамының басшысы Иранның "Қызыл Жарты ай" қоғамы гуманитарлық көмегінің екінші партиясының Мьянмадағы босқын мұсылмандарға тез арада жөнелтілетінін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 20, 2017 16:35 Asia/Almaty
  • Иранның гуманитарлық көмегінің екінші партиясы Бангладешке жөнелтілуге дайын

Иранның "Қызыл Жарты ай" қоғамының басшысы Иранның "Қызыл Жарты ай" қоғамы гуманитарлық көмегінің екінші партиясының Мьянмадағы босқын мұсылмандарға тез арада жөнелтілетінін айтты.

40 тонналық әртүрлі заттардан тұратын Мьянмадағы босқын мұсылмандарға арналған  Иранның алғашқы гуманитарлық көмегі 15-шы қыркүйекте Бангладешке жеткізілген болатын.  Мьянманың батысындағы Рахкайн провинциясындағы рохинья мұсылмандарына қарсы шабуылдар салдарынан мыңдаған адам өлтіріліп, 380 мыңға жуық адам босып кетті. Мьянмалық мұсылмандар өз елінде азаматтық құқықтардан кенде қалып отыр.