Рухани: АҚШ уәде бұзу арқылы әлемде өз беделінен айырылады
(last modified Thu, 21 Sep 2017 10:04:51 GMT )
Қыр 21, 2017 16:04 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ уәде бұзу арқылы әлемде өз беделінен айырылады

Хасан Рухани сәрсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясында АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындау жолындағы уәде бұзушылықтары мен бүлдіргі әрекеттеріне тоқталып: «Вашингтон уәде бұзу және халықаралық міндеттемелерді бұзу арқылы тек өзінің әлемдік беделінен айырылады.

АҚШ Президенті Дональд Трамптың сейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясында Иранға қарсы қате мәліметтер мен негізсіз айыптауларға негізделген ерсі әрі кекке толы сөздері бұл ұйымның мәртебесіне сай болмағаны былай тұрсын, барша халықтың осы саммитке қойған бүгінгі талап-тілегіне қайшы болды»,-деді.

ИИР Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бейбітшілік жолында екенін қуаттап: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бірінші бұзбайды. Алайда оның бұзылуына қарсы тұру үшін қол қусырып қарап отырмайды»,-деді.

ИИР Президенті Иран халқының тілін құрмет тілі деп атап: «Ирандықтар әрдайым келіссөзге дайын. Алайда тек тең әрі өзара құрмет жағдайында ғана. Ирандықтар қоқан-лоққы жасамайды және ешбір адам немесе алпауыт елдің қоқан-лоққысын қабылдамайды.

Палестина халқы сионистік режим тарапынан ең қарапайым азаматтық құқықтардан мақұрым қалып отырғанда бұл елді басып алушылардың қауіпсіздікте болуына жол бермеу керек.

Йемен, Сирия, Ирак, Бахрейн, Ауғанстан, Мьянма мен басқа да аймақтардағы мұсылмандар кедейшілік, соғыс пен қақтығыс жағдайында өмір сүріп жатыр. Ал кейбіреулер өз елдерінде ұзақ мерзімді қауіпсіздік, әл-ауқат  пен дамуға ие бола аламыз деп ойлайды»,-деді.

 

Тегтер