Зариф: Сирия дағдарысы тек саяси жолмен шешіледі
(last modified Fri, 22 Sep 2017 11:00:04 GMT )
Қыр 22, 2017 17:00 Asia/Almaty
  • Зариф:  Сирия дағдарысы тек саяси жолмен шешіледі

ИИР Сыртқы істер министрі Сирия дағдарысының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2254-ші қарарына сәйкес тек саяси жолмен шешілетінін айтып: «Бұл мақсатқа жету үшін барлығымыз шынайы жігермен осы шындыққа сенуіміз керек»,- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясында Сирия дағдарысы туралы өткен отырыста: «ИИР басынан бастап Сирия дағдарысының тек саяси жолмен шешілетіндігіне сенді»,- деп қуаттады.

Зариф өткен бір жыл ішіндегі Сириядағы қақтығыстардың кеңеюінің алдын алудағы жетістіктерге тоқталып, соңғы Астана отырысының келісімі бойынша бұл елде халықаралық бақылаушыларды орналастыру мүмкіндігінің туғанына ризашылық білдіріп, әлемнің барлық елдерінен осы салада талпыныстарын арттыруды сұрады.

Иран Сыртқы істер министрі  сөзінің жалғасында өз елінің соғысты тоқтатып, лаңкестікпен ұжымдық күрес жүргізуді қажет санайтынын әрі бұл салада көптеген жетістіктерге қол жеткізілгенін баса айтты.