Рухани: Қарулы күштер әрқашан Иранды қорғауға дайын
(last modified Fri, 22 Sep 2017 11:11:03 GMT )
Қыр 22, 2017 17:11 Asia/Almaty
  • Рухани: Қарулы күштер әрқашан Иранды қорғауға дайын

ИИР Президенті мұхаррам айының басталуы мен имам Хусейн (ғ.с.)-ға қатысты Ашура мен Тасуа күндерінің жақындауына тоқталып: «8 жылға созылған қасиетті қорғаныс жылдарында халықтың жанкештілігі мен шәһидтікті талап етуінің ең үлкен үлгісі Ашура мен Кербала ерлігі болды»,- деді.

ИИР Президенті Хасан Рухани  жұма күні таңертең қасиетті қорғаныс аптасының басталуына орай өткізілген шара мен Теһрандағы имам Хомейнидің қасиетті кесенесінің қасында өткен қарулы күштердің парадында сөйлеген сөзінде: «Мұхаррам – жанкешітілік пен шәһидтікті талап ететін ай. Иран халқы шәһидтер көшбасшысы имам Хусейн (ғ.с.) мен Ашура мәдениетінен үлгі алып, осыдан 37 жыл бұрын рақымсыз шабуылға қарсы тұрып, өз жері мен ғиззатын қорғады. Ислам республикасы өзін қорғау үшін ешкімнен рұқсат сұрамайды. ИИР кез келген жағдайда өзінің әскери және қорғаныс күш-қуатын қажетіне қарай күшейтеді»,- деп баса айтты.

Иран Президенті өзінің БҰҰ Бас ассамблеясының жылдық сессиясына қатысу үшін Нью-Йорк  сапарына тоқталып: «Мен биыл БҰҰ-ында осы ұйымға мүше және сессияға жиналған барлық елдердің арасында әлемдіктердің дауысына қарсы тек екі дауыстың ғана болғанына қуаныштымын. Бүкіл әлемнің дауысынан өзгеше екі дауыс – АҚШ пен Құдсты басып алған сионистік режим  болды»,- деп мәлімдеді.

 

 

Тегтер