Иран халқы шәһид Ходжаджиге құрмет көрсету рәсіміне қатысуға шақырылды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i31127-Иран_халқы_шәһид_Ходжаджиге_құрмет_көрсету_рәсіміне_қатысуға_шақырылды
ИИР-ның Қорғаныс министрлігі Иран халқын Исламның ұлық пайғамбары әулетінің қасиетті кесенесін қорғаушы шәһид Мохсен Ходжаджиге құрмет көрсету рәсіміне қатысуға шақырды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 26, 2017 11:24 Asia/Almaty
  • Иран халқы шәһид Ходжаджиге құрмет көрсету рәсіміне қатысуға шақырылды

ИИР-ның Қорғаныс министрлігі Иран халқын Исламның ұлық пайғамбары әулетінің қасиетті кесенесін қорғаушы шәһид Мохсен Ходжаджиге құрмет көрсету рәсіміне қатысуға шақырды.

Исламның ұлық пайғамбары әулетінің қасиетті кесенесін қорғаушы шәһид Мохсен Ходжаджидің қасиетті сүйегі дүйсенбі күні кешке Теһранға әкелінді. Мохсен Ходжаджи 2017 жылдың тамыз айының 9 күні Сирия мен Ирактың шекарасында ДАИШ лаңкестік тобының қолына тұтқынға түскеннен кейін шәһид болды.

Шәһид Мохсен Ходжаджидің қасиетті сүйегін күтіп алу рәсіміне Сақшылар Корпусының бас қолбасшысы Хосейн Салами, Ислам революциясы Сақшылар Корпусының әуе-ғарыш және құрлық күштерінің қолбасшылары, армияның әуе күштері мен полиция күштерінің қызметкерлері мен Иранның бір топ әскери және үкімет басшылары қатысты.

Шәһид Мохсен Ходжаджидің қасиетті сүйегі бүгін сейсенбі күні Иранның солтүстік-шығысындағы қасиетті Машһад қаласындағы имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесінде тәуәп еткен соң, ертең сәрсенбі күні Теһранда оған құрмет көрсету рәсімі өтеді. Содан кейін туған жері Исфаһан облысының Наджафабад қаласында жерленеді.