Сардар Солеймани: ИИР-ның құдыреті халықтың күшіне негізделген
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i31167-Сардар_Солеймани_ИИР_ның_құдыреті_халықтың_күшіне_негізделген
Ислам революциясы Сақшылар Корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы ИИР-ның күшін діни, рухани, халықтық әрі жергілікті деп сипаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 27, 2017 11:48 Asia/Almaty
  • Сардар Солеймани: ИИР-ның құдыреті халықтың күшіне негізделген

Ислам революциясы Сақшылар Корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы ИИР-ның күшін діни, рухани, халықтық әрі жергілікті деп сипаттады.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ислам революциясы Сақшылар Корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы сардар Қасем Солеймани сейсенбі күні кешке Исфаһандағы имам Хосейн (ғ.с.)-ды аза тұтушылардың ортасында: «ИИР-ның айбыны тұрақталды. Дұшпандар бұл күштің эксплуататорлық және отаршыл емес екенін түсінбейді»,- деді. Сардар Солеймани ИИР күшінің жүректерден орын алғанын қуаттап: «Дұшпанның Иранмен бетпе-бет келетін күші жоқ. Бүгінде аймақтағы сүннит бауырлар Иранды өзінің ең жақын қолдаушысы санайды. Ислам әлемі де осы күшке сүйенуде»,- деп қуаттады.

Сардар Солеймани Исламның ұлық пайғамбары әулетінің қасиетті кесенесін қорғаушы Мохсен Ходжаджиды еске алып, шәһид Ходжаджиды Ашура оқиғасының көрінісі деп атады.