Иран мен Ирландия "Ортақ Қадам" бағдарламасына барлық тараптардың берік болуы қажеттігін қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i31341-Иран_мен_Ирландия_Ортақ_Қадам_бағдарламасына_барлық_тараптардың_берік_болуы_қажеттігін_қуаттады
Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы мен Ирландия Сенатының спикері "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына барлық тараптардың берік болуы қажеттігін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 04, 2017 04:34 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирландия

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы мен Ирландия Сенатының спикері "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына барлық тараптардың берік болуы қажеттігін қуаттады.

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Теһранда Ирландия Сенатының спикері Денис О'Донованмен өткізген ортақ баспасөз маслихатында: "Иран мен Ирландия "Ортақ қадам» бағдарламасын халықаралық келісім санап, барлық тараптардың осы келісімге берік болуын сұрайды",-деді.

Лариджани Иран мен Ирландияның аймақтағы мәселерге, әсіресе лаңкестік дағдарыстарға қатты мән беретіндігіне тоқталып: "Иран мен Ирландия аймақтағы кез келген бейберекеттік пен сепаратизмді айыптайды",-деді.