Теңіз қауіпсіздігі – Иран үшін стратегиялық мәселе
(last modified Sun, 08 Oct 2017 10:38:02 GMT )
Қаз 08, 2017 16:38 Asia/Almaty
  • Теңіз қауіпсіздігі – Иран үшін стратегиялық мәселе

Біздің еліміз түйткілді аймақта орналасқан. Әлемдегі мол қуат көздеріне иелігі мен Батыс пен Шығысты байланыстыратын стратегиялық аймақ болуы оның маңыздылығын арттыра түсті.

Исламдық Иран 2700 км-ден астам су шекарасына ие. Қауіпсіздік орнату және осы қолайлы саяси-географиялық жағдайды мүмкіндікке айналдыру үшін қуатты теңіз күшінің қажет екені күмәнсіз.

Хазірет аятолла Хаменеи: «Біздің еліміз – мұхитқа шыға алатын теңіз елі. Оның өзі аймақтың осы сезімтал жағдайында. Иран үздік теңіз күштерін қажет етеді. Мұны сіздер, қадірменді жастар атқаруларыңыз керек. Иран халқына лайық теңіз күштерін құратындықтарыңызға үміттенеміз»,-деді.

Х.ш.ж.с.б. 1380 жылдан бері Иранның теңіз күштері өзінің құрал-жабдықтарын толығымен жөндеуден өткізіп, оңтайландырылған зымырандармен жарақталып, 300 км ұзақтықтағы қауіп-қатерлермен күресу қабілетіне ие әрі Парсы шығанағы  мен Оман теңізінің барлығын дерлік  қамтиды. Иран Бандар-Аббас пен Анзали айлақтарында эсминец кемелерін жасау желісін іске қосқаннан кейін ел ішінде жасалған шағын кемелердің санын арттырып жатыр. Теңіз күштері қазір Парсы шығанағында «Джамаран» мен «Саханд» жергілікті эсминецтеріне, Каспий теңізінде «Джамаран-2» мен «Шәһид Баяндар» кемелері мен «Юнес»  кемесіне ие. Олардың барлығы ел ішінде жасалған.

ИИР армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Хабибулла Сайяри: «Революциядан кейінгі жылдарда өзін-өзі қамтамасыз ету қозғалысын бастап, бөлшектер шығардық. «Пейкан» эсминеці мен «Дарафш» кемесін жасадық. Х.ш.ж.с.б. 1388 жылы «Джамаран» кемесін, содан соң «Саханд» кемесін жасадық. Біз рекорд жасадық. Үш жылдық жоспарды бір жылға жетпей орындадық. «Саханд» кемесі «Джамараннан» күштірек»,-деді. 

Х.ш.ж.с.б. 1389 жылы ИИР Теңіз күштері Суэц каналынан өтіп, Жерорта теңізіне кірген кезде әлемдегі басты жаңалыққа айналды.

«Russia Today» телеарнасының тілшісі Дэвид Сами: «Иранда көңіл аударарлық кемелер бар. Иран жуырда өз кемелерін Жерорта теңізінің сулары мен Үнді теңізіне шығарды. Бұл Иранның теңіз саласындағы күш-қуатын көрсетеді»,-деді.

Тура сол кезде France Press ақпарат агенттігі сионистік режимнің ашу-ыза танытқанын  хабарлады. Бұл ашу ирандықтардың өз-өзіне деген сенімін білдіреді.

Иран өзінің екі соғыс кемесін Жерорта теңізіне кіргізгісі келеді. Ал сионистік режимнің Сыртқы істер министрі Авигдор Либерман бұл істі арандатушы әрекет деп атап: «Иранның соғыс кемелерінің Израильдің жағалауынан өтуі – ұзақ жылдар бойы болмаған мәселе. Бұл ирандықтардың өз-өзіне деген сенімдерінің күннен күнге артып келе жатқанын білдіреді. Халықаралық қауымдастық Израильдің бұл істерге өмір-бақи көз жұма қарай алмайтынын білсін»,-деді.

Суэц каналынан өтуі мен Аден шығанағында теңіз қарақшыларымен күресуі Иран Теңіз күштерінің қуатын осы саладағы барлық мамандарға айқындап берді. Теңіздің қауіпсіздігі – Иран үшін стратегиялық мәселе.

Бейрут университетінің ұстазы Небсель әш-Шарджаби: «Иран 2025 жылға дейінгі ұзақ мерзімді теңіз стратегиясын жасаған. Соның аясында Парсы шығанағынан Баб ул-Мандеб бұғазына дейінгі аралықта кемелердің қозғалысын бақылауға ала алады. Шын мәнінде, Суэц каналын өз бақылауына алады деп айтуға болады Иран зор тежегіш қуатқа ие болып отыр. Аймақ елдерінде мұндай қуат мүлдем жоқ»,-деді.

Қазір Иранның көптеген жастары теңізде елдің мүдделерін сақтап, қорғаумен айналысып жатыр. Бүгін, яғни 8 қазан елдің ресми күнтізбесінде осы жауынгерлердің кұрметіне Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының теңіз күштері күні деп аталған. Теңіз күштерінің жауынгерлеріне қайтпас қайрат пен сәттілік тілейміз.

 

 

Тегтер