Аятолла Амоли Лариджани: Иракты бөлу – сионистік режимнің саясаты
Иранның Жоғары соты Ирактың Күрдістан аймағын бөлу туралы референдумды билікқұмар үкіметтердің, әсіресе сионистік режимнің аймақты дағдарысқа тіреу мақсатындағы жаңа қастығы деп атады.
Аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні сот органдарының жоғары басшыларының отырысында: "Исламдық мемлекеттерді бөлшектеу – сионистік режимнің исламдық үкіметтерді әлсірету және мұсылман халықтардың арасында ұзаққа созылатын қақтығыстарды ұйымдастыру саясаты. Өкінішке орай, Ирактың Күрдістан аймағы осы саясатты ұстануда",- деді. Ол сондай-ақ аймақтағы қарсыласу шебінің жағдайы мен жеңістеріне ризалық білдіріп: "ДАИШ лаңкестік тобы мен тәкфиршіл ағымдардың өмірі соңына жетіп қалды. Сирия мен Ирак халықтары және қарулы күштерінің жігері сонымен қатар ИИР-ның қолдауымен лаңкестік ағым жойылуда",- деп баса айтты.