Салеһи: Егер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бұзылса, Иран тиісті реакция білдіреді
Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы: "Егер басқалар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзып, міндеттемелерін орындамаса, Иран тиісті реакция білдіреді",- деп ескертті.
ИРНА-ның мәліметінше, Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салеһи Римде "Линче" ұйымының жабық есіктері артында өткен ядролық қарусыздандыру отырысының аясында: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – өте маңызды жетістік. Сондықтан халықаралық қоғам бірігіп, оны қорғауы керек. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы қайтадан келіссөздер жүргізетін келісім емес. Кейбіреулер техникалық тұрғыдан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы қайтадан келіссөз жүргізгісі келеді. Бірақ, бұл келісім қайтадан келіссөз жүргізуді қажет етпейді. Ең жақсы жол – "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды болу. Өйткені, бұл келісім халықаралық және аймақтық мәселелер тұрғысынан пайдалы",- деді.